Теннис • 11 Мамыр, 2021

Теннисші Ярослава Шведова Рим турнирінің екінші айналымына өтті

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Рим WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теннисші Ярослава Шведова Рим турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық Яраслава Шведова алғашқы кездесуін әлемнің 97-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен өткізді. Бірінші партияда М.Тревизан бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Есесіне екінші сетте Я.Шведова тай-брейкте қарсыласының меселін қайырды – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші тағы да тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6).

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 35 минутқа созылды. Я.Шведова жүлде қоры 1,8 млн АҚШ долларынан асатын доданың екінші айналымында әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен шеберлік байқасады.