Ауа райы • 12 Мамыр, 2021

12 мамырға арналған ауа райы болжамы

764 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 12 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, найзағай ойнайды, желдің күшейіп, дауыл соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал», делінген хабарламада.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Атырау, Маңғыстау облыстарында найзағай болып, түнде Маңғыстау облысында жел 15- 20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады.

Түркістан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, тауда найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді.