Аймақтар • 12 Мамыр, 2021

Арыста кәріз құдығына құлап кеткен екі адам құтқарылды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері тереңдігі төрт метр болатын кәріз құдығына құлап кеткен екі тұрғынды аман алып қалды, деп хабарлады Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арыста кәріз құдығына құлап кеткен екі адам құтқарылды

Арыс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, көмекке шақырған. Ол Ақынбеков көшесі бойындағы кәріз құдыңғын тазалауға түскен қызметкерлер шыға алмай қалғанын айтқан. Хабарламаны алысымен сол аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Жақсылық пен оның әріптесі Асанхан Сыздықов екеуі 2-3 минут ішінде оқиға орнына жеткен.

Полицейлер келгенде қызметкерлер құлап кеткен кәріз құдығының айналасында бірнеше тұрғындар қаумалап көмектеспек болып тұрған. Тәртіп сақшылары, тұрғындармен бірге төрт метрге жуық тереңдікке құлаған адамның бірін жіппен тарту арқылы бес минутқа жетер-жетпес уақытта шығарып алады. Кәріздегі иістен уланған тұрғындар жедел жәрдемдегі дәрігерлерге тапсырылып, ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, кәріз (канализация) тазалауға жұмысқа келген қызметкерлер төменге түскендерінде белдеріндегі жіп үзіліп кеткен. Бірі құдықтың беткі жағында ілініп қалса, екіншісі тереңіне барып құлаған. Жансақтау бөліміне түскен екі қызметкердің де жағдайы жақсы.