Қоғам • 12 Мамыр, 2021

Шығыс Қазақстанда кейінгі үш жылда 24 бала терезеден құлап қайтыс болды

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында кейінгі үш жылда 24 бала терезеден құлап көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда кейінгі үш жылда 24 бала терезеден құлап қайтыс болды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша балалардың терезеден құлап кету жағдайлары аз тіркеліп жатқан жоқ. Өткен жылы 9, 2021 жылдың басынан 1 жазатайым оқиға болған.

«2018-2021 жылдар аралығында осындай 24 жағдай тіркелген. Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – балаларды қараусыз қалдыру және терезедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін темір тордың болмауы. Талдау барысында анықталғандай, марқұм болғандар: 1 жастан 3 жасқа дейінгі – 7 бала, 4 жастан 6 жасқа дейінгі – 10, 7 жастан 12 жасқа дейінгі – 6 және 13 жастан 16 жасқа дейінгі – 1 бала», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мәселен, Семей қаласында осы жылдың 8 мамырында үшінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлаған бала ауруханаға жатқызылды. Жазатайым оқиғалар негізінен биік тұрғын үйлер көп шоғырланған облыстың ірі қалаларында тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, терезеден құлаған балалардың көбісінде қол-аяқтары сынып, ми жарақатын алып, жүйке жүйесі зақымдалады. Мұның салдары психологиялық жарақатқа айналуы мүмкін.

Сондай-ақ балалардың мүгедек болып қалу ықтималдығы да жоғары.

«Осындай жазатайым оқиғалар ата-аналар үлкен балаларға кішкентайларын қарауды тапсырған кезде орын алып жатады. Тіпті бес жасар балаға бірге енді толған іні-қарындасын бақылау міндеті жүктелген кездер де болды. Бұл мүлдем дұрыс емес. Бала ересектер сияқты жауапкершілікті сезіне алмайды. Ол бір нәрсеге алаңдап, бүлдіршінге бас-көз болуды ұмытып кетеді» делінген хабарламада.

Сонымен қатар департамет өкілдері балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін отбасыларға москит торларды орнатпауға кеңес берді.

«Балалар москит торына сүйеніп, терезеден құлап кетуі мүмкін. Бұндай тор бүлдіршіндерді құлап кетуден мүлде қорғамайды. Керісінше, москит тор қайғылы жағдайға ықпал етеді. Өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, терезеге жақындап оған сүйенеді. Көбінесе ата-аналардың өздері баланы терезеге қойып, бірдеңе көрсетеді. Бұлай істемеу керек», деді ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20