Оқиға • 12 Мамыр, 2021

Қызылордалық полицейлер 2,5 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мамырдың 10-ы күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп,  облыс орталығының тұрғыны жарты келіге жуық есірткі затын сатқандығын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық полицейлер 2,5 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі

Оның тұрғылықты мекен-жайына жүргізілген тексеру барысында көпқабатты үйдің жертөлесінен 4 келіден асатын, автокөлігінде 300 граммға жуық марихуана сақтағандығы белгілі болды. Заттай дәлелдемелер алынып, сараптамаға жолданды.

Күдікті азамат есірткіні қала тұрғынынан алғанын айтып, қазір оның тиесілі екенін толығымен мойындады.   

Сонымен қатар, күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайына тінту тергеу әрекетін жүргізу барысында газет қиындыларына оралған есірткі заттарымен қоса  оны тұтынуға арналған құралдар табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Екі   күдікті де Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта аталған есірткі қылмысына басқа да тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаменті нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған іс – шараларды белсенді түрде жалғастыруда.   

«Облыс жыл басынан  барлығы 45 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде,  есірткі  мен психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеудің 33, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 1, өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдаудың 10,  насихаттау немесе заңсыз жарнамалаудың 1 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі тәркіленді», дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.