Қазақстан • 12 Мамыр, 2021

Қазақстандағы білім беру мекемелерінде қауіпсіздік күшейтіледі

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Татарстан астанасында болған қайғылы жағдайдан кейін елдегі білім беру мекемелерінде қауіпсіздік күшейтілітенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы білім беру мекемелерінде қауіпсіздік күшейтіледі

«Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық.

Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек.

Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім.

Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым.

Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселері ғана емес. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекеттерге байланысты.

Психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек.

Бұл үлкен және бірлескен жұмыс.

Балалар – біз үшін ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасауымыз қажет», деп жазды министр facebook парақшасында.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше