Оқиға • 12 Мамыр, 2021

Бір жыл бұрын жоғалған қостанайлық азамат Ресейден табылды

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтырдан бері іздеуде болған 46 жастағы ер адам Ресей Федерациясының Набережные Челны қаласынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір жыл бұрын жоғалған қостанайлық азамат Ресейден табылды

Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, 2020 жылдың ақпанында Қарабалық ауданының полиция бөліміне Святославка ауылының тұрғыны Цилинко Галина шағымданған. Ол баласының жұмыс іздеп Челябинск облысына кеткенін, содан соң байланысқа шықпай қойғанын айтқан.

«Аталған өтініш бойынша іс қозғалып, ер адамға халықаралық іздеу жарияланған. 11 мамырда жедел іздеу шараларының нәтижесінде ер адамның дін аман екені, Ресей Федерациясының Набережные Челны қаласында тұрып жатқаны жайлы ақпарат келіп түсті. Алайда оның ешқандай құжаттары болмаған», деп атап өтті полиция өкілдері.

Ресейлік әріптестермен жүргізілген келіссөзден кейін Александр Цилинконы отанына қайтару куәлігін беру жөнінде шешім қабылданған.

Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтап жатыр.