Қоғам • 13 Мамыр, 2021

Қазақстанның Жаңа кәсіптер атласы таныстырылды

942 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген онлайн-конференция аясында орталық мемлекеттік органдар өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы таныстырылды.

Қазақстанның Жаңа кәсіптер атласы таныстырылды

Атласты әзірлеу мен енгізу бойынша әдіснамалық, әкімшілік және ұйымдастырушылық қолдау көрсеткен серіктес Саясат Нұрбек өз сөзінде мемлекет тарапынан стейкхолдерлер даярлаған Атласты қолдану перспективалары туралы әңгімеледі. Оны еңбек нарығын болжауды жақсарту, жоғары және ТжКБ бағдарламаларын жаңарту, сондай-ақ кәсіптік стандарттарды жаңарту құралы ретінде пайдалану үшін негізгі бағыттар бойынша ұсынымдар берді.

«Жаңа кәсіптер атласының көмегімен экономиканың әр саласы бойынша түрлі құзыреттіліктерге қажеттілікті болжауға болады. Бұл болашақ стратегиялық даму бағдарламаларының дәлдігіне оң әсер етеді. Бұдан басқа, халықтың бі­лік­тілігін арттыруға деген түсі­нігі мен қызығушылығына, өзекті дағ­дыларға немесе сұра­ныс­қа ие мамандықтарға оқытуға тар­тылуына әсер етеді», деді ол.

­Бүгінгі таңда Атлас негізінде білім беру стандарттарына бірқатар жаңалық енгізілуде. Мысалы, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің базасында «тау-кен өндіру өнеркәсібі мен пай­далы қазбаларды өндіруге ар­налған пилотсыз ұшу аппаратта­рының операторы» жаңа маман­дығы бойынша оқыту басталды. Осы бағыттағы мамандарды даяр­лаудың өзектілігін Дон тау-кен байыту комбинатының қызмет­керлері растайды.

Бұдан басқа, Білім және ғы­лым министрлігінің ТжКБ сынып­тауышына мынадай маман­дық­тар мен біліктіліктер қосылды:

– «Роботтехника және енді­рі-
летін жүйелер (салалар бо­йын­ша)» мамандығы және «Робот­­тех­никалық жүйелер мен ке­шен­дер­ді монтаждаушы-реттеуші», «Мо­бильді роботтехника тех­нигі», «Өнеркәсіптік роботтехни­ка тех­нигі» біліктілігі;

– «Наноматериалдар негі­зін­дегі бұйымдар технология­сы» мамандығы және «Нано­ма­те­риалдар негізіндегі бұйымдар өн­дірісінің операторы» біліктілігі;

– «Өндірістің аддитивті технологиялары» мамандығы және «Аддитивті қондырғылардың операторы» біліктілігі;

– «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе» мамандығы және «Сыртқы ұшқыш», «Пилот­сыз авиациялық жүйелерді техни­калық пайдалану жөніндегі техник-механик» біліктілігі;

– «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автомат­тан­дырылған жүйелері» мамандығы және «BIM-пайдаланушы», «BIM-техник», «Ғимаратты басқарудың зияткерлік жүйелеріне қызмет көрсету технигі» біліктілігі;

– «Жылжымайтын мүлікті бас­­қару» мамандығы және «Көп пә­­терлі тұрғын үйді басқарушы» бі­лік­тілігі;

– «Дестинацияны басқару» мамандығы және «Экологиялық туризм менеджері», «Туристік қыз­мет­терді жылжыту жөніндегі ме­нед­жер», «Туристік ақпараттық ор­та­лық­тың менеджері» білікті­ліктері.

Атласты әзір­леу ел Прези­ден­тінің «Игілік бар­шаға! Сабақтас­тық. Әділдік. Өр­леу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жө­ніндегі іс-қимыл жос­пар­ы негізінде жүзеге асырылды.

Атласта экономиканың басым 9 саласы: тау-кен металлургия ке­шені, мұнай-газ саласы, ауыл ша­руа­шылығы, көлік және логис­тика, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс бойын­ша еңбек нарығын сыни түрде өз­гер­тетін негізгі технологиялық трендтерге талдау жасалған. Құжатта кәсіптердегі таяудағы 5-10 жылға арналған өзгерістер болжанып, сондай-ақ 239 жаңа, 95 трансформацияланатын және 129 жойылып бара жатқан кәсіп айқындалды.