Медицина • 13 Мамыр, 2021

Қауіптің бетін вакцина қайтарады

236 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда вакциналау басталғаннан бері 1-компонентпен 128 мың 700 адам, 2-компонентпен 52 мыңнан аса адам вакцина алған. Қазіргі кезде вакциналау пункттері медициналық ұйымдарда да, қаланың сауда кешендерінде де ашылған. Осылайша, егу пункттері көшпелі бригадалар арқылы үш есе ұлғайтылды.

Қауіптің бетін вакцина қайтарады

Қала бойынша сауда орта­лықтары мен сауда кешен­деріндегі пункттер саны – 9. Олар – Mega Silk Way, Keruen, «Хан Шатыр» және «Абу-Даби Плаза» сауда ойын-сауық орталықтары, «Азия Парк» және «Биг Шанхай» сауда кешендері, Орталық базар, «Әлем» және «Артем» сауда орталықтары. Аталған егу аймақтарында шамамен 14 мың азамат вакцина алған.

Халықтың жаппай вак­цина алуы қалыпты тірші­лігімізге оралудың бірден-бір жолы екені анық. Ал жұрт­­тың түгел вакцина алып, сақ­танғанынша қауіп­сіз­дік ережелерін қатаң ұс­тан­­­ған абзал. Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл ай­мақта» екенін білсе де, каран­тин режімін қаперіне іл­мей, кәсібін дөңгелетіп жат­қан кәсіпорындар саны азаймай тұр. Елордадағы мониторингтік топтар карантин режімін сақтау тұрғы­сынан кәсіпкерлік объек­­тілерінде тексеру жүр­гі­зіп келеді. Ескерту бері­ліп, жауапкершілікке тар­тылғанына қарамастан қа­ла­ның кейбір мекемелері ка­рантиндік шектеулерді ұдайы бұзуда. Мерекелік демалыс күндерінің бірінде карантиндік тыйымдарға қара­мастан Сарыарқа ауданында орналасқан «Гауһар­тас» мейрамханасында 100-ге жуық адамға арнап ауыза­шар өткізілді.

Сол сияқты 9 мамыр кү­ні тағы бес мекеме каран­тин талаптарын бұзғаны анық­­талды. Ashyq жобасына қатысатын Line Brew мейрамханасы тыйым салын­ғанына қарамастан түн ортасынан кейін де жұмыс іс­теді. Сондай-ақ елорданың сани­тарлық дәрігерінің қау­лысын бұзғаны үшін «Палау орталығы» асханасы, «Базилик» және «Паначи» мейрамханалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл мекемелер демалыс күні де тоқтаусыз жұмыс істеді. Демалыс күні жұмыс істеу санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша рұқсат етілмеген. Карантин режімі сол сияқты Yamato ойын клубында да бұзылды.

Алматы ауданында «Тап­чан» және «Белес» ка­фелері жұмыс режі­мін бұзғаны үшін жауапкерші­лікке тартылды. Демалыс күндері анықталған бұзушы­лық­тар бойынша материал­дар тиісті шаралар қабылдау және кәсіпкерлерді жауап­кершілікке тарту үшін аудан­дық санитарлық-эпи­де­миялық бақылау бас­қар­маларына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиялық ахуал­­ды бағалау матрицасы бойынша екі айдан бері «қызыл аймақта» тұр. Қала­дағы жағдай әлі де тұрақ­сыз болып отыр. Жағдайдың на­­шар­лауына жол бермес үшін қала тұрғындары мен қонақ­тары, сондай-ақ кәсіп­кер­лік субъектілері сани­тар­лық нормаларды қа­таң сақтауы, дәрігерлер мен эпи­­демиологтердің ұсыныс­тарын орындауы тиіс.

Қазіргі уақытта қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі ұжымдық имму­нитетті дамыту болып сана­лады. Бұл халықты жаппай вак­циналау жағдайында ғана мүмкін. Қалада бұл үшін тиісті жағдайдың бәрі жасалған.