Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Қостанайда аумақтық инспекция басшысы қамауға алынды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, істі сотқа жібергенін мәлімдеді.

Облыстық аумақтық инспекция басшысы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

«Күдікті ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып аса ірі мөлшерде залал келтіргені үшін айыпталуда. Айыпталушыға қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды», деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедыч.