Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Қапшағайдан Күртіге дейінгі жол қайта жөнделеді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Egis International» (Франция) бірлескен кәсіпорны және «CS Consultant» ЖШС  (Қазақстан) жөндеу жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалау қызметін көрсету туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қапшағайдан Күртіге дейінгі жол қайта жөнделеді

67 шақырымға созылған жолды жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалауды жүргізетін компаниялар да анықталды.

Келісімшарттың талаптарына сәйкес инженерлер тобы 10 адамнан тұрады. Қазір топтың толық құрамы құрылыс учаскесіне жиналған.    

«Egis International» 2011 жылғы 1 шілдедегі «EGIS bceom International» және «Egis Route» еншілес компанияларының халықаралық тасымалдар саласындағы халықаралық инженерлік қызметінің бірігу нәтижесінде құрылған.

«Egis International» екі инжинирингтік компанияның тәжірибесіне сүйенеді.