Аймақтар • 16 Мамыр, 2021

Оралда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

13810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орал қаласында қайғылы жайт болды. Полиция басқармасының қызметкері Мержан Бисенғалиев Тасқала ауданы Айнабұлақ ауылы тұсында өзінің Chevrolet Cobalt автокөлігімен аударылып қалды. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

Белгілі болғандай, ол көлікте жалғыз болған. Ауыр жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Осы дерек Тасқала аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Марқұмның соңында жары, кішкентай қызы қалды. Мержан ішкі істер органдарына 2002 жылы орналасып, қызмет бабында өзін жақсы қырынан көрсетті. Жауапты да сауатты қызметкерлердің бірі еді, әрдайым жастарға үлгі бола білді», деді Болатбек Белгібеков.