Өнер • 17 Мамыр, 2021

Алматыда «Музей түні» өтеді

465 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

18 мамыр күні ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында, халықаралық музейлер күніне арналған «Қастеев музейіндегі түн» атты жыл сайынғы ауқымды іс-шара өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «Музей түні» өтеді

Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты жыл сайынғы «Қастеев музейіндегі түн» мерекелік акциясының негізгі іс-шаралары online-режимде өтеді. Негізгі хабар тарату платформалары – Facebook және Youtoobe арналары. Мәдени шараны мұражай сайтынан қайталап көру мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл күні экспозицияларда өз көзімен көргісі келетіндер үшін мұражай әдеттегідей 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық болады. Күні бойы мұражайға келушілер үшін кіру тегін.

Шараның арнайы қонағы ретінде «Портреттер неге үнсіз?» жобасымен Республикалық неміс драма театры шақырылды. Идеяның авторы және режиссері – Наташа Дубс.

«Музейдегі түн» – бұл Қастеев музейінде жыл сайын 18 мамырда өтетін бірегей көркем-мәдени оқиға. 2016 жылдан бастап жобаның өзіндік маскоты – бойтұмар кейіпкері, «Қастеев музейіндегі түннің» барлық оқиғаларына қатысатын, іс-шараның логотипі бар.

«Қастеев музейіндегі түн» – алматылықтардың мәдени тынығуына арналған сүйікті орыны ғана емес, сондай-ақ жыл сайын 5000-нан 7000-ға дейін көрермен келетін ірі өнер фестивалі. Жыл сайынғы акцияға біздің тұрақты серіктестерімізбен бірге жаңа шығармашылық ұжымдар қосылады. Биылғы жылы «Қастеев музейіндегі түніне» online-келушілерді жоба үшін арнайы түсірілген қызықты онлайн іс-шаралар мен бейне қойылымдар күтеді: «Tribal Pro» би шоуы, «Империя танца» балет мектебі, би мектебі GAMI, С. Червяков пантомима театры, «Джайли Танико» би студиясы мен Республикалық неміс драмалық театры», деп хабарлады министрлікте.

Сонымен қатар танымдық бағдарлама да жоспарланған, онда музейдің әлеуметтік желілерінің жазылушылары музей залдары бойынша виртуалдық экскурсияларға қатыса алады.