Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, соңғы екі күнде – 15-16 мамырда 812 тұрғын вакцина алған.
«Биылғы 1 ақпан-17 мамыр аралығында 44 707 адам «Спутник V», «Qazvac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырды. Вакциналардың II компоненті 14 486 адамға егілді. Қазір өңірде 36 стационарлық, 10 жылжымалы вакциналау бекеті жұмыс істейді» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.