Аймақтар • 17 Мамыр, 2021

Вакцинадан көз жұмды делінген 2 адамға қатысты тергеу әлі жүріп жатыр

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болған деген 2 адамға қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцинадан көз жұмды делінген 2 адамға қатысты тергеу әлі жүріп жатыр

Оның айтуынша, ол адамдардың нақты неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. Сондықтан олардың өліміне вакцина әсер етті деп айту әлі ерте.

«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларды вакцинадан көз жұмды деп айтуға әлі ерте. Қорытынды осы жылдың маусым айында дайын болуы керек. Сол кезде себебін, айтатын боламыз», деді ол.