Өнер • 17 Мамыр, 2021

Еуровидение байқауы тікелей эфирде көрсетіледі

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Хабар» телеарнасы «Еуровидение» халықаралық ән байқауының жартылай финалдары мен ақтық кезеңін тікелей эфир арқылы көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуровидение байқауы тікелей эфирде көрсетіледі

Байқау 18-22 мамыр күндері аралығында Нидерландының Роттердам қаласында өтеді.

18 және 20 мамыр күндері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат түнгі 01:00-де жартылай финалдар, ал 22 мамырда (мамырдың 22-інен 23-іне қараған түні) сағат 01:00-де – гранд-финал өтеді.

Байқауға 39 ел қатысады. Олардың қатарына 2020 жылы өткізілмеген байқаудың Армения және Беларусьтен басқа барлық қатысушы елдер кірді. Венгрия мен Черногория қаржы себептерімен байқауға қатысудан тағы бас тартты.

Ән байқауына Еуропа хабар тарату одағына мүше елдердің өтінім берген бір өкілінен қатысып отыр. Фестиваль тікелей эфирде өткізілуде. Биылдан бастап бұған дейін жазып алынған бэк-вокалды пайдалануға рұқсат берілген. Бұл делегация мүшелерінің санын қысқарту, әрбір өтінімнің шығармашылық әлеуетін кеңейту және хабар таратушы ұйымдастырушының техникалық жүктемесін азайту мақсатында жасалып отыр.

Көрсетілімді «Хабар» телеарнасының көрермендері үшін танымал қазақстандық жүргізушілер Қалдыбек Жайсанбай мен Махаббат Есен жүргізеді.