Қоғам • 17 Мамыр, 2021

Үйлері өртенген Риддер тұрғындарына миллион теңгеден көмек берілді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 мамырда болған өрттен үйлері жанып кеткен Шығыс Қазақстан облысының Риддер тұрғындары Қазақстанның Қызыл Жарты Айы және Fortebank-пен бірлескен жоба аясында Болат Өтемұратовтың қорынан жалпы сомасы 30 миллион теңгені құрайтын «көмек карталарын» алды, деп хабарлайды Egemen.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Үйлері өртенген Риддер тұрғындарына миллион теңгеден көмек берілді

«Құжаттарымызды жинап жатқан кезде өрт бізден 30 метр жерде болды. Амалсыздан тез арада көлікке отырып, қаштық. Үйіміздің отқа оранғанын алыстан көріп тұрдық. Одан кейін қызыл жалын көрші үйді шарпыды, сосын келесісін... », деп еске алады Риддер тұрғыны Михаил. 

Өрттің жалпы ауданы 288 гектарды құрады, оның 273 гектары орманды аймақ. 

Айта кетейік, Қызыл Жарты Айдың апатты жою тобы оқиға орнына жедел жетіп, жергілікті мемлекеттік органдардың көмегімен жағдайды және зардап шеккендердің шығынын бағалау жұмыстарымен айналысты.