Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Асарлатып алтыншы үй салды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Жаңарған Жаңақорған жастары» атты қоғамдық қор бар. Осы ұйым жастары жыл сайын бірлесіп баспана салып, оның кілтін мұқтаждарға табыстауды дәстүрге айналдырған.

 

Асарлатып алтыншы  үй салды

Биыл қасиетті Рамазан айында белсенді жастар асар әдісімен алтыншы баспана құрылысына кірісіп, оны бір ай ішінде толық аяқтады. Жастар ұйғарымымен бұл үй мүмкіндігі шектеулі ұлы мен қызын жалғыз тәрбиелеп отырған Әсел Бұқарбаеваға бұйырды. Оның кілтін табыстауға аудан әкімі Руслан Рүстемов қа­ты­сып, ізгілікті іс жасаған ерік­тілерге ел алғысын жеткізді.

– Жастардың қоғамға деген қам­қорлығы әркімді де қуантады. Елдің әлеуметтік жағдайына жана­шыр­лық танытып, қинал­ған­­­ға қам­қор болған кейінгі буын­­ның бұл ісі көпке үлгі бола­ры анық. Рақымы мол Рамазан айында жасаған қа­йы­рымды іс­теріңіз­ге бүкіл аудан хал­қы­ның аты­нан алғыс білдіремін, – деді аудан басшысы.

Халықаралық отбасы күнін­де ұйымдастырылған іс-шарада жастар жақсы іске аудан кәсіп­кер­лері, ел азаматтары да көп үлес қосып келе жатқанын айтып өтті.

–Баспана салынып бол­ған­нан кейін қор комиссиясы 4-5 шаңырақтың жағдайымен мұқият танысып шықты. Жан-жақты саралай келе осы отбасы­на тоқтадық, – дейді қор мүшесі Әбдісамат Әбіш. – Он жылдан бері пәтер жалдап келе жатқан Әсел Бұқарбаеваны, оның мүм­кін­дігі шектеулі екі баласын осы­­лайша қуантқымыз келді. Бұл кісінің көмек бере қоятын аға­йындары да жоқ екендігін ескердік.

«Жаңарған жастары» қоғам­дық қоры әрі қарай да қайы­рым­дылық істерді жалғас­ты­руды көздеп отыр.

 

Қызылорда облысы