Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Алакөлге пойызбен баруға болады

470 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Алакөл курорттық аймағы бағытында жазғы кезеңге бірнеше жолаушылар пойызының тағайындалғаны туралы хабарлады.

 

Алакөлге пойызбен баруға болады

Яғни 2021 жылдың 17 мау­сы­мынан бастап №457/458 «Семей-Достық» қатынасында күн ара қатынау жиілігімен Се­мей стансасынан тақ күндері; Достық стансасынан жұп күндері жөнелту; №459/460 «Өскемен-1 – Достық» қатынасында күн ара қатынау жиілігімен Өскемен-1 стансасынан тақ күндері, Достық стансасынан жұп күндері жөнелту болса; 2021 жылғы 20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» қатынасында жиілігі аптасына 2 рет қатынайды, жексенбі және бей­сенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүй­сенбі және жұма күндері Достықтан жөнел­ті­леді.

 Курорттық аймақ бағытында апта­сына 2 рет жиілігімен қаты­найтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр-Сұлтан – Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан – Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай – Семей» пойызына Ақтоғай стансасында қайта тіркелетін №21/22 «Қызылорда – Семей» пойызы құрамындағы «Алматы – Достық» қатынасындағы тіке­лей вагон барлығын қаперге са­ла­­мыз.

 Жолаушылар пойыздарының қо­з­ғалыс кестесі бойынша бар­лық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Жолаушылар сервис сапасы бойынша өз шағымдары мен өтініштерін шаралар қабылдау үшін жолсеріктер немесе пойыз бастығы арқылы жолдай алады, сондай-ақ сапар күнін, пойыздың, вагонның нөмірін және орнын көрсете отырып, 1433 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.

Ұлттық тасымалдаушы өз жолау­шыларын жол жүру құжат­та­рын онлайн, оның ішінде
Bilet.Railways.kz ресми сайтында ресімдеуге және жолаушылардан коронавирус індетінің таралуы кезінде санитарлық-эпи­де­миологиялық талаптарды сақ­тауға шақырады.

 

 «Егемен-ақпарат»