Хоккей • 18 Мамыр, 2021

ҚХЛ-дың жарыс кестесі бекітілді

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2021/2022 жылдардағы маусымының жарыс кестесі бекітілді. Бәсекелер әдеттегідей екі кезеңнен тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ-дың жарыс кестесі бекітілді

Тұрақты біріншілік барысында әр команда «үйдегі» және «түздегі» ойынды қоса алғанда барлығы 56 кездесуден өткізеді. Ол жарыс биылғы жылдың 1 қыркүйегінде басталып, келесі жылдың 1 наурызында өз мәресіне жетеді. Тұсаукесер кездесуде Омбылық «Авангард» пен Мәскеудің ЦСКА клубтары күш сынасады. Сондай-ақ 2022 жылы Бейжіңде алауы тұтанатын XXIV қысқы Олимпия ойындары кезінде екі апталық үзіліс жариялау жағы да қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, ғаламдық дода 4-20 ақпан аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. 

Алғашқы сынақтан сүрінбей өткен командалар плей-оффқа жолдама алады. Гагарин кубогы жолындағы жарыс 4 наурызда басталады. Ал айтулы доданың ең үздік командасы сәуір айының соңғы күндері анықталады.

ҚХЛ-дың былтырғы маусымы «Авангард» клубының жеңісімен аяқталғаны еді. Финалда алты ойынның қорытындысы бойынша ЦСКА-ны 4:2 есебімен ұтқан омбылық хоккейшілер Гагарин кубогын олжалады.