Қоғам • 18 Мамыр, 2021

Қазақстанға 2 мыңнан аса адам шетелден ұшып келді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 мамырда Қазақстан аумағына БАӘ, Түркия, Германия, Испания, Грузия, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға 2 мыңнан аса адам шетелден ұшып келді

Өткен тәулікте 2 557 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 394 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 795 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 335 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 24 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 7 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.