Футбол • 18 Мамыр, 2021

Корольдік клуб көш бастап тұр

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда ағылшындардың «Brand Finance» деп аталатын аса ірі консалтингтік компаниясы қазіргі кездегі ең құнды футбол брендтерінің тізмін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Корольдік клуб көш бастап тұр

Биыл да үздіктер көшін Мадридтің «Реалы» бастап тұр. Олардың бренді 1,276 миллиардевроға бағаланып отыр. Әрине, корольдік клубтың бұл табысына таңдануға болмас. Іргетасы ХХ ғасырдың басында қаланған айтулы команданың бағындырмаған белесі жоқ. Тарқатып айтсақ, Чемпиондар лигасын – 13, УЕФА кубогын – 2, Құрлықаралық кубокты – 3, және УЕФА суперубогы мен клубтық әлем чемпионатын – 4 реттен ұтты. Испания чемпионатының қорытындысы бойынша 34 алтын, 23 күміс және 10 қола медальді олжалады. Ел кубогы жолындағы жарыста 19 мәрте қарсылас шақ келтірмеді. Өз қатарына кілең жұлдыздарды жұмылдырған «Реал» қазіргі кездегі әлемдегі ең бай-қуатты командалардың арасында да алдыңғы лекте.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған өлшем бойынша «Барселона» (€ 1,266 млрд), «Манчестер Юнайтед» (€ 1,130 млрд), «Манчестер Сити» (€ 1,118 млрд), «Бавария» (€ 1,068 млрд), «Ливерпуль» (€ 973 млрд), ПСЖ (€ 887 млрд), «Челси» (€ 769 млрд), «Тоттенхэм» (€ 723 млн) және «Арсенал» (€ 675 млн) сынды футбол клубтары үздік ондықтың қатарына еніп отыр.