Өнер • 18 Мамыр, 2021

Бүгін – Халықаралық Музей күні

1037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін – халықаралық Музей күні. Ұлттық Музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы барша әріптестерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін – Халықаралық Музей күні

«Құрметті достар! Барлығын бүгінгі керемет мереке - Халықаралық музейлер күнімен құттықтаймын. Бұл мереке біздің елімізде ғана емес, әлемдегі барлық музейде жыл сайын атап өтіледі. Биыл «Музейдегң түн» акциясы онлайн форматта өтуде. Акция ұлттық құндылықтарды, тарихымызды, халқымыздың салт-дәстүрлері мен мұражай ісін насихаттауға бағытталған. Бүгінгі акция арнайы дайындалған деректі фильмдермен жалғасады», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, жылдағы дәстүр бойынша бүгін Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күнін мерекелеу аясында «Музейдегі түн» акциясы өтіп жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты шара екінші жыл қатарынан онлайн режимде өтуде.

Биылғы акцияның тақырыбы «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңарту» болды. Онлайн шара таңғы 10-да басталып, кешкі 6-ға дейін жалғасады.