Турнирдің мақсаты – жастардың белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру және жетілдіру. Сонымен қатар оларды бір ортаға жинап, идея алмасу және пікірсайыс мәдениетін дамыту, жастардың бойында адамгершілік пен толеранттылық сияқты ізгі қасиеттерді ояту.
Шараға еліміздің 14 аймағынан барлығы 75 команда қатысуға өтініш білдірді, соның ішінен 32 команда іріктеліп алынды.
Турнир британиялық парламенттік форматта өтті және 4 іріктеу раунды болды.
Сонымен, республикалық пікірсайыс турнирінде «Кейін» командасы (Абылай Боранбай, Аружан Қайролла), «Feel it still» командасы (Дәулет Нұркен, Рахим Шахзадаев), «Хикару Накамура» (Әлжан Шәріпов, Ерназар Тұрғазы) финалға шықты. Ал «Мықтылар» (Мағжан Советбек, Еркебұлан Әріпбай) командасы бәрінен озып, жеңімпаз атанды. Үздік спикер ретінде Еркебұлан Әріпбай танылса, Амангүл Достанова үздік төреші болды.
Бұл турнирді жылда өтетін дәстүрлі турнирге айналдыру ойда бар, келесі «Atameken CUP» республикалық пікірсайыс турнирін күзде қазақ және орыс тілінде өткізу жоспарланып отыр.