Өнер • 18 Мамыр, 2021

Бибігүл Төлегенова коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ ән өнерінің жезтаңдайы атанған Бибігүл Төлегенова коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибігүл Төлегенова коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бибігүл Төлегенова «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін де алған. Бұл туралы журналист Тұрсын Қалимова facebook-тегі парақшасында жазды.

КСРО-ның танымал әншісі Бибігүл Төлегенова қазір 91 жаста.

«Бибігүл апайдың амандығын білейін деп хабарластым. Апамыз «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін алыпты.

«О, апай, жақсы болды. Алматыға енді барғанда жүздесетін болдық, деп едім

Алдымен вакцина салдыртшы, қызым, дейді», деп жазады Тұрсын Қалимова.

Журналист Тұрсын Қалимова әншінің «Халық аман болсын! Өздерін сақтасын!» деген сәлемін жеткізді.