Тағайындау • 18 Мамыр, 2021

Қызылордада Ветеринария басқармасына жаңа басшы келді

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Ветеринария басқармасының басшысы қызметіне Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада Ветеринария басқармасына жаңа басшы келді

Ш. Қойшыбаев 1974 жылы дүниеге келген. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденінің мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын «ғалым агроном», «Болашақ» университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Ы.Жақаев атындағы шаруа қожалығының жұмысшы ретінде бастаған.

1996-2001 жылдары Ы.Жахаев атындағы колхозының агрономы, «Шахмардан» шаруа қожалығының төрағасы болса, 2001-2005 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы қызметтерін атқарды.

2005-2012 жылдары Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болған.

2012-2020 жылдары Қызылорда облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2020 жылдан осы кезге дейін – Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған.