Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Қызылорда облысында 80 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 77 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында 80 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

Өңірге 78 600 доза вакцина жеткізілген болатын. Оның ішінде тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарын қабылдауға ниет білдірді.

Екпе қабылдаған азаматтар қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері, полицейлер, құқық қорғау қызметкерлері және басқа да тұрғындар бар.

Жалпы алғанда, облыста 77202 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. «Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан. Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салады. Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде.

Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін екпе ала алады.