Аймақтар • 19 Мамыр, 2021

Қызылордада нашақорлыққа қарсы онлайн сайыс өтті

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы көлемінде білім беру ұйымдарының арасында онлайн форматта фестивальдар сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада нашақорлыққа қарсы онлайн сайыс өтті

Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған сайыстың негізгі  мақсаты – жастар,  балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруды дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру.

Сайыскерлер ән, би, сурет арқылы нашақорлық проблемасын шебер көрсете білді. Олардың тақырыпқа байланысты ізденіспен жасаған жұмыстарын арнайы комиссия сарапқа салды.

Комиссия мүшелерінің шешіміне байланысты 24 сайыскер аймақтық жеңімпаз атанып, І орынды Қармақшы ауданы №277 мектеп-лицейі жеңіп алса,  ІІ орынды Жалағаш ауданы №201 мектеп – лицейі иеленді, ІІІ  орынды Қармақшы ауданы №275 мектеп-лицейі және Қазалы ауданы №94 орта мектебі өзара бөлісті.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.