Қазақстан • 19 Мамыр, 2021

ДСМ «вакцинадан қайтыс болғандарға» қатысты мәлімдеме жасады

3956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барлық жағдайлар Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДСМ «вакцинадан қайтыс болғандарға» қатысты мәлімдеме жасады

«Бірінші жағдай Алматы облысындағы біздің әріптесіміз, қалалық перзентханада жұмыс істеген. Комиссия жұмысты аяқтады. Онда жүректің созылмалы ауруы болған. Диспансерде тіркелген. Дәрігерге қаралмаған және ауыр препараттар қабылдамаған.

Комиссияның қорытынды нәтижесінде вакцинадан медициналық сараптама бойынша вирус немесе органдық вирусы табылмады. Өлімге себеп болған жүректің созылмалы патологиясы болды. Оған вакцинаның қатысы жоқ», деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Екінші жағдай бойынша алматылық азамат дәрігердің жеке қаралуында болмағанын, диспансерде де тіркелмегенін айтты.

«Науқаста артериялық қысым мен жүрек ауруы болған. Бұл мәселе бойынша сот-медициналық сараптама аяқталмады. Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр.

Үшінші жағдай Ақтөбе облысында тіркелді. Комиссияның нәтижесі бойынша науқаста созылмалы ауру болған. Ол ешемиялық инсультке алып келуі мүмкін. Оның вакцинацияға қатысы жоқ.

Төртінші жағдай бойынша екінші компоненттің 12-ші күнінде болған. Ол бойынша әлі комиссия жұмыс істеп жатыр», деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.