Медицина • 19 Мамыр, 2021

Вакцина салдырған 104 қазақстандық коронавирус жұқтырды

2605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырғандар арасында 104 адам СOVID-19 жұқтырған. Бұл ретте ведомство өкілдері барлық пациент вирусты вакцинация кезеңінде жұқтырғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцина салдырған 104 қазақстандық коронавирус жұқтырды

«Біз вакцинациядан кейін, бірінші және екіншісі компоненттен кейінгі сырқаттанушылыққа міндетті түрде мониторинг жүргіземіз. Жалпы еліміз бойынша бірінші компоненттен кейін аурудың 541 жағдайы тіркелді. Екінші компоненттен кейін 104 жағдай анықталды», деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Ол бұл ақпаратты «дұрыс түсіндіру керек» екенін айтты. Себебі бұл адамдар инкубация кезеңінде - 14 күн ішінде ауырған. 

«Олар жұқтырған соң барып вакцина салдырған. Біз «Спутник V»-ның тиімділігі 92 пайыз екенін білеміз. Қалған сегіз пайызында иммундық жауап болмайды делінді.

Статистика вакцинацияның тиімді екенін дәлелдейді, бірақ ешкім вакцина аурудан 100 пайыз қорғайды деп айтпады, айтпайды да», деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.