Қызылорда қаласының екі тұрғыны осы жылдың сәуір айында несие алуға және оқуға түсіруге көмек беремін деп алаяқтық жолмен 1 500 000 теңге шығын келтірген жерлестерінің үстінен арызданған болатын.
Тергеу барысында айыпталушы ақиқатты бұрмалауға тырысып, көптеген құйтырқы әрекеттерге барыпты. Соған қарамастан, тергеу жұмыстары ұзаққа созылмай, қылмыстық іс сотқа жолданған. Бұл іске тергеп-тексеру жүргізген Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Әзиз Бұхарбай. Тергеу саласында қызмет атқарғанына төрт жыл толған Әзиз осы кезге дейін ол бірнеше қылмысты ашып, халықтың алғысына бөленіп жүрген полицей. Осы қылмысқа тергеп-тексеру жүргізіп, істі соңына дейін апарып өзінің нағыз маман екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Тәжірибелі тергеушінің қызметіне риза болған тұрғындар оның құрметке лайық екенін атап өтіп, басқарма бастығы Нұрлан Ағаділов пен басқарма бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Сәкен Сыздыққа да алғысын білдірді.