Елбасы • 20 Мамыр, 2021

Көңіл айту жеделхатын жолдады

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Аманжол Қошановтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назар­баев көрнекті ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Аманжол Қошановтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтты.

«Аманжол Қошанұлы саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, отандық экономика теория­сы саласын дамытуға қомақты үлес қосқан тұғырлы тұлға болатын. Ол еліміздің экономикалық мүд­делері жүйесін жасау, ұлттық эко­номикалық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету сияқты көптеген ма­ңызды мәселе бойынша іргелі зерт­теулер жүргізіп, мемлекеттік ғылыми бағдарламалар жасауға атсалысты. Экономикалық теория бойынша өзіндік мектебін қалыптастырды», делінген жеделхатта.

Елбасы Аманжол Қошанов­тың ғиб­ратты ғұмыры мен жар­қын бейнесі жұртшылық жадында әр­дайым сақталатынына сенім білдірді.