Аймақтар • 20 Мамыр, 2021

Құлпынайға 50 пайыз субсидия

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде көктемгі дала жұмыстарына өңір диқандары белсене кірісуде. Бұл ретте Қордай ауданында жыл сайын егілетін дәнді-дақылдармен қатар, жемістің жаңа түрлерін өсіруге де көңіл бөлініп отыр.

Құлпынайға 50 пайыз субсидия

Қазіргі кезде Сарыбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Благовещенка» ЖШС құлпынайдың «Альбион» сұрпын отыр­ғызуды қолға алған. Құлпынайдың бұл ерек­ше сұрпының жидегі қатты әрі тәтті және хош иісті болып келеді. Жинағаннан ке­йін де тауарлық түрін жоғалтпай, сауда на­ры­ғына шығаруға өте ыңғайлы. Әрі бұл жеміс­тің көпшіліктің сұранысына ие екендігі де даусыз.

 Аталған серіктестіктің басшысы Өмірәлі Варшакидзе былтыр құлпынай көшеттерін 10 гектар алқапқа отырғызып, одан 5-6 тонна өнім алыпты. Биыл кәсіпкер тағы да 300 мың түп көшет сатып алып, егіс көлемін бірнеше гектар алқапқа дейін арттырған. Құлпынай өсірумен айналысатын шаруашылыққа бұл мақсатқа бүгінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, 50 пайыз субсидия берілуде. «Мемлекет қолдауының нәтижесінде құлпынайдан мол өнім алуға барлық жағдай жасалған. Құлпынай өсіру табысы мол жұмыс. Ол жыл сайын өнім береді. Ең бастысы, барлық технологияны мұқият сақтаған жөн», дейді Өмірәлі Варшакидзе.