Экономика • 20 Мамыр, 2021

130 млрд теңгеден астам қаражат төленді

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 102,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына 27,4 млрд теңге бағытталды.

130 млрд теңгеден астам қаражат төленді

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемле­кеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы­лар­дың саны 525,1 мың адамды, асы­раушысынан айырылу жағдайы бойынша 169,6 мың адамды құрайды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөл­ше­рі мүгедектіктің тобына және себе­біне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағ­да­йы бойынша мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақылардың мөл­ше­рі қайтыс болған (қаза тапқан) асырау­шысының асырауындағы адам­дардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Рес­пуб­ли­калық бюджет туралы» заңда бел­гі­ленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мем­ле­кеттік әлеуметтік жәрде­ма­қы­ның орташа мөлшері 49 150 теңгені, асы­раушыдан айырылу жағдайы бойын­ша мемлекеттік әлеуметтік жәр­де­ма­қы­ның орташа мөлшері 40 653 теңгені құ­рады.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20