Спорт • 20 Мамыр, 2021

Лозаннада шеберлік байқасуда

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Швейцарияның Лозанна қаласында садақ атудан Әлем кубогының кезеңдік сайысы өтуде.

Лозаннада шеберлік байқасуда

23 мамырға дейін созылатын дүбірлі додада Қа­зақ­санның туы астында жеті спортшы бақ сы­науда. Солардың біразы жарыс жолына шы­ғып та үлгерді. Өкінішке қарай, алғашқы күні мер­ген­деріміз мүлт кетті. Жерлестеріміздің арасынан ең үздік көрсеткішке Денис Ганкин қол жеткізді. Ол 21 орынды иеленді. Ал Санжар Мұсаев (51 орын), Иль­фат Абуллин (58 орын) және Сұлтан Дүзел­баев­тың (73 орын) көрсеткіштері одан да нашар болды.

Сол секілді қыздарымыз да өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Алина Ілиясова – 37, Фарида Түкебаева – 40 және Анастасия Баннова 42 сатыларға жайғасты.