Тағайындау • 20 Мамыр, 2021

Қостанайда облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Әбенов Арман Тарғынұлы Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Арман Әбенов бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Аймақ басшысының жаңа орынбасары кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер, сондай-ақ еңбек инспекциясы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Бұрын «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Эльдар Күзенбаев әкім аппаратының басшысы болып тағайындалды.