Қазақстан • 20 Мамыр, 2021

Алты жылда «Мерейлі отбасы» конкурсына 15 мыңнан астам отбасы қатысқан

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Сүлеймен мәлім етті. Биыл конкурс 7-ші рет ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алты жылда «Мерейлі отбасы» конкурсына 15 мыңнан астам отбасы қатысқан

«Алты жылда «Мерейлі отбасы» конкурсына 15 197 отбасы қатысқан. Оның 62 пайызы ауылдық жерлерде тұрады, бұл конкурс ауқымының кең екенін көрсетеді. Қатысушылардың 36,3% көпбалалы отбасылар, 18% жас отбасылар, 17% еңбек династиияларының өкілдері болып табылады. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осыған орай, елімізбен бірге өсіп келе жатқан отбасы құрып, балалы болған «тәуелсіздік құрдастарын» да байқауға қатысуға шақырамыз. Олар жас отбасы, үлгілі отбасы болу үлгісін қоғамға көрсете алады», деді Ляззат Сүлеймен. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауларында отбасы және бала институтын қолдау және инклюзивті қоғам құру мәселелеріне баса көңіл бөліп, қолдау көрсетуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы ауқымды іске асырылуда.

«Қазақстан отбасы саясатын табанды жүргізіп келе жатқан мемлекет болып табылады. Отбасының әл-ауқатын жақсартуға, ана мен баланың құқығын қорғауға, демографиялық өсуді ынталандыруға және көп балалы отбасыларды қолдау мәселелері әрдайым назарда. Бұған дәлел ретінде Ұлттық бюджеттің 48% әлеуметтік салаға бөлінетінін айта кетуге болады», деді спикер.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025