Медицина • 20 Мамыр, 2021

Түркістанға «Hayat-Vax» вакцинасының 13 мың дозасы жеткізілді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысына бүгін «Hayat-Vax» вакцинасының 13 мың дозасы жеткізілді. Тұрғындарға «Hayat-Vax» вакцинасының екінші компонентінің 17 мың дозасы және «Спутник-V» препаратының 11 мың дозасы салынатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанға «Hayat-Vax» вакцинасының 13 мың дозасы жеткізілді

Бертінге дейін өңірде індетке қарсы екпені тұрғындардың 20 пайызы қабылдап үлгерді. Бұл 180 мыңға жуық тұрғын. Ал, екінші компонентін 50 мыңға жуық адам қабылдап үлгерген.

Облыс бойынша 102 медицина мекемесіне инфекцияға қарсы вакциналау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пункттернің саны 128-ге жетті.