Елорда • 21 Мамыр, 2021

Алтай Көлгінов: «Жасыл белдеу» аумағында 10 миллиондай ағаш өседі

865 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас шаһардың әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «жасыл белдеу» аумағында 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,8 миллионға жуық бұта өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алтай Көлгінов: «Жасыл белдеу» аумағында 10 миллиондай ағаш өседі

«Елорданың «жасыл белдеуі» – қала қалқаны. Қаланың климаты тым континенттік екенін ескере отырып, «жасыл белдеу» экологияны айтарлықтай жақсартып қана қоймай, климаттық жағдайларды жұмсартуға мүмкіндік береді.

Біздің міндетіміз – қаланың «өкпесі» болып табылатын «жасыл белдеуді» қоректендіру. Тек биыл осы аумақта 900 мыңға жуық көшет отырғызамыз. Олардың жартысы қазірдің өзінде отырғызылды. Жалпы «жасыл белдеу» аумағында 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,8 миллионға жуық бұталар өседі.

 1

Сонымен қатар фаунаны дамытумен де айналысамыз. Құстардың, соның ішінде қырғауыл санын көбейту үшін фазанарийді кеңейту және қайта құру жұмыстары жүргізілді. Бұл бізге қырғауыл санын жылына 2 мың құсқа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, қырғауылдарды өсіру – зиянкестерден (жәндіктерден) қорғаудың биологиялық әдісі, сонымен қатар қырғауылдардың тіршілік ету ортасының кеңеюіне ықпал етеді. Сонымен қатар «жасыл белдеу» аумағында қоян, түлкі, қарсақ, кекілік және т. б. тіршілік етеді.

Сондай-ақ белдеу аумағында ат жолын салу жұмыстарын жүргіземіз. Уақытты белсенді өткізу үшін скейтбордингке арналған алаңдарды жайластырамыз, теннис, футбол алаңдарын, балалар ойын аймақтарын және т. б. орнатамыз, сондай-ақ жаяу серуендеуге және кросс-кантри сабақтарына арналған жолдарды саламыз. Сонымен қатар қала тұрғындарына ұнаған веложол желісін кеңейтудеміз.

1 

«Жасыл белдеу» маңында қолданыстағы ипподром базасында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған ат-спорт кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Ипподром базасын 3 бағыт бойынша дамытамыз: иппотерапия, ұлттық және классикалық спорт түрлерін өткізу және дайындау, сондай-ақ туристік маршруттар – бұл жерде атпен серуендеу дамытылады.

Осылайша «жасыл белдеу» қала қалқанынан басқа, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартылыс орны болып табылады, ол таза ауада уақыт өткізу үшін барынша қолайлы және тартымды», деп жазды елорда әкімі.