«Ақылды аялдама» толығымен жабық, оның ішінде интернет, салқындатқыш, бейнекамера, 2 дана LED экран, wi-fi және басқару панелі орналасады. Ал сыртқы бетінде антивандалды жарнамаға арналған экран қойылады.
Аялдаманың басты қаңқасы, салқындатқыш, бейнекамера және сыртқы бетінде антивандалды экран орнатылған болса, бүгінде автобус машрутын көрсететін LED экранды орнату ісі жүргізіліп жатыр. Қажетті қондырғылар толығымен орнатылған соң халыққа қызмет көрсете бастайды.
Алдағы уақытта жоба оң нәтиже берген жағдайда, ақылды аялдамалардың санын арттыру жоспарлануда.
Бұл аялдамалардың ерекшеліктері көп. Мәселен, сырттағы ауа температурасы -10 градус болған жағдайда жылу жүйесі бірден іске қосылады. Бәрі «Ақылды қала» жүйесіне қосылған.