Бокс • 24 Мамыр, 2021

Атырауда бокстан V жастар ойындарының жеңімпаздары анықталды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда бокстан Қазақстан Республикасының V жастар спорттық ойындарының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бокстан V жастар ойындарының жеңімпаздары анықталды

Жас боксшылардың спорттық ойындары 17-23 мамырда өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 370 былғары шеберлері қатысып, 13 салмақта бақ сынады.

Жалпыкомандалық есепте қыздар арасында бірінші орынды Алматы қаласының командасы иеленді. Түркістан облысының боксшылары екінші, ал, қарағандылық былғары қолғап шеберлері үшінші тұғырға көтерілді.

Ұлдар арасында Шымкент қаласының боксшылары үздік атанды. Жамбыл облысы мен Алматы қаласының командалары екінші және үшінші орындарды бөлісті.

V жастар спорттық ойындарының жеңімпаздарын Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев пен Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев марапаттады.

«Еліміздің әр өңірінде боксты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Атырауда да боксқа қызығушылық өрістеп тұр. Мұны мұнайлы өңірде өткен осы сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанынан байқадық. Осы сайысқа қатысқан жас былғары қолғап шеберлерінің арасынан үміт күттіретін спортшылар бар», деді Серік Сапиев.