Медицина • 25 Мамыр, 2021

Өкпесі 95 пайыз қабынған жүкті әйел аман-есен босанды

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысында коронавируспен ауырып, өкпесі 95 пайыз қабынған жүкті әйел аман-есен босанды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өкпесі 95 пайыз қабынған жүкті әйел аман-есен босанды

Жағдайы өте ауыр халде болған алакөлдік Жұлдыз Нұрғалиева санавиациямен Талдықорғанға жеткізілді.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова: «Ол 9 сәуірде ашылған Талдықорған қаласындағы перинаталды орталықтың коронавирустық инфекциясы және полисегментті пневмониясы бар жүкті және босанатын әйелдерге арналған инфекциялық бөлімге түсті. Өкпесі 95 пайызға дейін қабынған жүкті әйелге дер кезінде кесір тілігі жасалып, реанимациялық бөлімге жатқызылды. Ана мен баланың өміріне араша түскен медицина қызметкерлерінің арқасында өмірге дені сау шақалақ келді. Отадан кейін келіншек бір ай бойы инфекциялық бөлімде, ал жаңа туылған нәресте перинаталды орталық дәрігерлерінің қадағалауында болды», деп айтты.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтың айтуынша, Жұлдыз Нұрғалиева сәуір айының 27-нен мамырдың 24-іне дейін ауруханада жатқан. Жас ана мамырдың 24-і күні ауруханадан аман-есен шықты. Бір ай бойы дертімен арпалысқан ана ауруханадан шығар күні алғаш рет баласын қолына алды.

«Маған екінші рет өмір сыйлаған барлық дәрігердің алдында басымды иемін. Олар өз ісін жетік білетін, жауапкершілігі мол, нағыз гиппократ антына адал жандар. Облыстық аурухананың бас дәрігері Анарбек Монгол мұндағы әр науқастың жағдайы үшін алаңдап, күн-түн демей өзі келіп тексеріп жүргенінің өзі дертті жеңіп шығуға үлкен күш берді десем болады. Сондай-ақ, перинаталды орталықтың бас дәрігері Қанат Жұмашевқа да алғысымды білдіремін. Сондай-ақ ренаниматолог-дәрігер Азиз Садықовқа, анестизиолог-ләрігерлер Берікжан Уәлиевке, Гүлжан Боталбаеваға, Әсет Енсинге үлкен рахмет. Дәрігерлердің арқасында қолыма баламды алып, аман-есен үйге оралудамын», деді. Жұлдыз Нұрғалиева.

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024