Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Түркістан облысының тұрғынынан 950 түп көкнәр тәркіленді

771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан 950 түп көкнәр тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғынынан 950 түп көкнәр тәркіленді

Келес АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабымен (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) СДТБТ-ға тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының тәжірибелі қызметкерлері Келес АПБ-нің қырағы полицейлерімен бірге жергілікті тұрғынды ұстады.

Жедел уәкілдер ер адамның үйінің ауласын тінту кезінде, егіліп-күтіп бапталған, есірткі заты бар өсімдікті тапты. Осылайша тәртіп сақшылары, айғақты зат ретінде күдіктіден 950 түп есірткі затын тәркілеп, оларды сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысымен алынған есірткі құрамында есірткісі бар жалпы салмағы 12 келіден асатын көкнәр болып шықты.

Жергілікті тұрғын аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу күдіктінің заңмен тыйым салынған есірткіні сату үшін өсіргенін анықтады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта заңсыз есірткі егіп-өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.