Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді. 37 жастағы Назипа Янгибаева № 1 облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелерге Әдемі, Ислам, Самира есімдері берілген.

Мерзімінен ерте туған үшем перениталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Бүгінде медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайы жақсарып келеді. Әзірге үшемнің ауруханадан қашан шығатыны белгісіз.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұлы мен екі қызы бар. Көпбалалы ана - үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Былтыр № 1 облыстық перинаталдық орталығында 8746 сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 3108 нәресте туған. Оның 72 - егіздер болса, екеуі - үшем. Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап келеді.