Тарих • 25 Мамыр, 2021

Батыс Алтай қорығында 400 жылдық балқарағай өседі

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында 400 жылдық балқарағай өседі, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Алтай қорығында 400 жылдық балқарағай өседі

Риддер аумағында орналасқан Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында 400 жылдық балқарағай өседі.

Оны жергілікті қорықшылар «орман патшасы» деп атап кеткен.

«Аталған балқарағай Линейский жотасында өседі. Негізгі діңінің диаметрі – 2 метр, биіктігі – 18,5 метр. Жасы – 400 жылдан асады. Ағаш жеміс беріп тұр. Балқарағайдың жаңғағымен ормандағы барлық тіршілік иесі қоректенеді. Егер ол жеміссіз болса, тайганың тұрғындары да өмір сүре алмайды. Балқарағайға ешбір ағаш тең келмейді. Бұл ағаш Сібір және Алтай халықтары үшін киелі саналады», деп жазылған қорықтың Instagram желісіндегі парақшасында.

Балқарағай қорықтың барлық аумағында өседі. Қорықшылардың айтуынша, орман аумағында өрт жиі шықса балқарағайдың саны біршама азайып кетпек. Сондықтан өңір жұртшылығы орманға барған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы қажет.