Өнер • 26 Мамыр, 2021

Бояусыз картина

507 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлемдік көрінбейтін өнер музейі жыл сайын көрермендерге суретшілердің тылсым картиналарын ұсынуымен әйгілі. Олардың мәнін оңайлықпен бағамдай алмайсыз. Тек шебердің туындыға берілген арнайы анықтамасынан кейін ғана тануға болады. Оның ғажабы да сонда. Сондай бір ерекше суретті Эми Дэвидсон есімді оқырман 10 мың долларға сатып алады. Қызығы, кенеп бетіне ақ түстен басқа бояу жағылмаған.

Бояусыз картина

The Museum on Non-Visible Art мұражайы кереметке толы. Неге десеңіз, онда оқырманды елең еткізетін, ойыңды сан-саққа жүгіртетін құпия дүние көп. Ондағы туындылардың сырын түсіну қаншалықты қиын болғанымен, көрермендердің қатары сиреген емес. Қайта жыл сайын неше түрлі оқиға орын алып, ұйымдастырушылардың өзі қайран қалып жатады.

Мәселен, суретші Джеймс Франко «Таза ауа» атты түссіз картинасына оқырмандар осыншама қымбат баға ұсынады деп ешкім ойламаған. Тіпті, автор­дың өзі де аң-таң. Оның бар жұмбағы концепциялық өнер­ді жаңа белеске шығаруға ты­рысқаны. Және оны өте жо­­ғары деңгейде орындап шыққан.

Картинамен қоса әйелге автор жазған шығарманың сипаттамасы және шедеврдің шынайылығына кепілдік бе­ретін брошюралар табыс­тал­ған. Көрермендер шебердің шы­ғармашылығы туралы ойланудан алшақтамас үшін, бояу­сыз кескіндемені басқа өнер туындыларынан бөлек, оңаша қабырғаға орналастырған жөн. Үйге келген қонақтар алдымен осы картинаны тамашалағаны дұрыс, себебі суретшінің пі­кі­рінше аталған туынды мей­­ман­­дардың көңіл күйін көте­ре­ді.

Автордың таза ауа туралы сипаттамасында: «Тек бір ғана данасы бар ерекше туынды. Сіз сатып алған «мөлдір ауа» таусылмайтын оттегі баллонына ұқсайды. Қай жерде болсаңыз да, жер бетінде пайда болатын ең дәмді, таза иісті ауамен тыныс алу мүмкіндігіңіз бар. Әр тыныс сізге шексіз жан ты­ныштығы мен денсаулық сыйлайды. Әрдайым бұл шығарма сізге тау шыңдарының һәм мұ­хиттың жұпар иісін сыйлайды», деп жазылған екен.

Танымал «Huffington Post» ба­сылымына берген сұхба-­

тын­да суреттің ендігі иесі Эйми Дэвидсон көрінбейтін және қол тигізе алмайтын зат­тарға неге сонша құмар екенін былайша тарқатады.

«Жаңа буын әрі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі ретінде мені жобаның идео­ло­гия­сы шабыттандырды. Әсі­ресе, көрінбейтін өнер мұра­жайының ұраны қатты ұнайды. Біз армандарымыз және идея­ларымызбен алмасамыз. Бұл біздің жаңа экономикадағы валютамыз», дейді ол.

Эми Дэвидсонның айтуынша, 2.0 технологиясының негізінде құрылған әлеуметтік медиа ре­сурстар адамдардың санасын­да төңкеріс жасаумен есте қал­мақ. Қоғамдағы виртуалды қарым-қатынастардың салдарынан біздің өміріміз бітпейтін жарнамаға айналуда. Шынайы өнер өзгерді. Бәрі оңай сатылады және сатып алынады.