Көкпардан облыстық құрама команданың аға жаттықтырушысы Нұржан Шайхин мұндай өрлеуді өңір басшылығының, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының нақты қолдау көрсетіп отырғандығымен байланыстырады.
– Осындай қамқорлықтың арқасында жарысты жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Енді аудандарда жас көкпаршыларды тәрбиелеумен құлшына айналысатын, біздің өңірде осы ұлттық спорт түрін белсенді түрде дамытатын ынталы және білікті жаттықтырушылар жұмыс істейтін болады. Көкпардың «жасарып» келе жатқаны анық, бұл бізді қуантады, – дейді Н.Шайхин.
Чемпионаттың финалдық ойындар кезеңінің қорытындысында Шет ауданының көкпаршылары алдына жан салмай, чемпион атанды. Күміс жүлдені Нұра ауданының командасы иеленсе, Жаңаарқа және Қарқаралы аудандарының балуандары қола жүлдені өзара бөлісті.
Қарағанды облысының чемпионатында көзге түскен үздік көкпаршылардан құрама команда жасақталды. Олар енді Павлодар қаласында өтетін ел біріншілігінде өңірдің намысын қорғайтын болады.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы