
«Қажылық-2021» маусымындағы Саудия билігі тарапынан қойылған негізгі талаптар:
⠀
- Биылғы қажылық маусымындағы қажылар саны 60 мың адамға белгіленген.
⠀
- Қажылық жасауға 18-60 жастар аралығындағы азаматтар өтініш бере алады.
⠀
- Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау қажылардан талап етіледі. Екінші дозаны Корольдікке барудан 14 тәулік бұрын қабылдауы тиіс.
⠀
- Шет елдерден келген кісілерге қажылық құлшылығына қатысы жоқ өзге аймақтарға баруына тыйым салынады.
⠀
Сонымен қатар, әр қажы жоғарыда аталған вакциналардың бірін қабылдағаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама алуы және оны Сауд Арабиясының шет мемлекеттердегі елшіліктерінде заңдастыруы керек.
⠀
Бұған қосымша әр қажыдан Корольдікке келген кезде 72 сағатқа жарамды теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын да көрсету талап етіледі.
⠀
Қажылар Мекке аймағында бір орыннан екінші орынға көшкен уақытта барлық денсаулық сақтау шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ бекітілген ережелерге толық бағыну қажет.
⠀
Ескерте кетейік, «Қажылық-2021» маусымында қандай мемлекеттен қанша адам шақырылатыны жайлы жаңалықты Саудия билігі әзірге таратпай отыр.