Қазақстан • 26 Мамыр, 2021

Үкімет Президентке алғаш рет ақпаратқа қолжеткізу саласының жай-күйі туралы есеп береді

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында есеп беру барысында еске салып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Үкімет Президентке алғаш рет ақпаратқа қолжеткізу саласының жай-күйі туралы есеп береді

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұл мәселеге ерекше назар аударғаны кездейсоқ емес. «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заң қабылданған сәттен бастап оған тұжырымдамалық өзгерістер енгізілмеген. Осыған байланысты, қажетті түзетулер топтамасы әзірленді, оған Президент 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойды. Осылайша, бұдан былай барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қолжеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар немесе бөлімшелер айқындалды. Биыл Үкімет Мемлекет басшысына алғаш рет ақпаратқа қолжеткізу саласының жай-күйі туралы есеп беретін болады. Ақпарат иеленушілердің тізбесі кеңейтілді, олардың қатарына орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар жатқызылды. Мемлекеттік органдар үшін нормативтік құқықтық актілер мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын жария талқылаудың басталғаны туралы ақпараттық хабарламаларды интернет-ресурста орналастыру бойынша талап енгізілді», деп түсіндірді салалық ведомство басшысы.