Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінде қаланың әлі де «қызыл» аймақта екенін, мутацияланған штаммдардың 84%-ға дейін өскенін еске салды.
«Оның үстіне, мамыр айының соңғы аптасында жұқтыру көрсеткіші төмендегені байқалды, өткен тәуліктерде тіркелген жағдайлар 700-ден 290-300-ге дейін азайған», деп хабарлады Ж. Бекшин.
Алматының Бас санитарлық дәрігері тәуліктің өсімнің 3 есеге дейін азайғанын, ауру көрсеткішінің соңғы 7 күнде 7,7%-ға төмендегенін атап өтті.
«Мамырдың ортасында симптомды сырқаттар қатары азайды, олардың 10%-ға дейін төмендегені байқалды. Алайда, КВИ-дің симпомсыз формасын жұқтырушылардың тіркелуі 12%-ға дейін өсті», деп жалғастырды Ж. Бекшин.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, коронавирустың үшінші толқынының бәсеңдеуіне карантиндік шектеулердің енгізілгені оң әсер еткен. 20%-дық иммундық қабатты қалыптастыру инфекцияның таралуының алдын алды, оның ішінде 14,8%-ы вакциналанған және 5%-ы соңғы жарты жылда ауырып-жазылғандар.
Сондықтан Ж. Бекшин қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз жолы екпе салдыру екенін айтып, вакциналануға шақырды.